ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Abstract
Қарқынды егіншіліктің әлемдік және отандық тәжірибесі тыңайтқыштар – ауыл шаруашылығы өнімдерінің саны мен сапасын арттырудың, сондай-ақ топырақ құнарлығын арттырудың негізгі факторы болып саналатындығын көрсетіп отыр.
ХХ ғасырдың басында кеңестік агрохимик, академик Д.Н. Прянишников тыңайтқыштардың маңызы туралы «Минералды тыңайтқыштарды қолдану жаңа ауылшаруашылығы континенттерін ашумен тең» - деп сипаттады. Қазіргі таңда бұл «континент» ауылшаруашылығы өнімдерінің шамамен 50% құрайды.
Дегенмен, тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланбау көптеген экологиялық қауіптерді тудыруы мүмкін. Сондықтан тыңайтқыш жүйесінің мақсаттарының бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылатыны кездейсоқ емес. Тыңайтқыштарды пайдалану - экологиялық таза шара деп түсіну керек. Өсімдік өнімдерін өндіруде адамдар ауыл шаруашылығы дақылдарын жинаумен қоректік заттардың айтарлықтай мөлшерін иеліктен шығару (алып тастау) нәтижесінде өсімдіктердің өнімдік процесіне қатысатын заттардың айналымын бұзады. Демек, тыңайтқыш қолдану – бұл қоректік заттардың айналымын реттеу, яғни агроэкожүйедегі процестердің табиғи барысын қалпына келтіру деген сөз.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.