ТАҒАМДЫҚ ТАЛШЫҚТАРҒА БАЙ ШИКІЗАТ ҚОСПАСЫНАН ҰНДЫ КОНДИТЕР ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ
Abstract
Ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің тағамдық құндылығын жақсартуға әртүрлі тағамдық қоспалар арқылы қол жеткізуге болады. Бұл қоспалар ақуыз мөлшерінің жоғарылауына ықпал етеді, және аминқышқылдарының құрамын жақсартады,өнімді минералдар мен дәрумендермен байытады.
Сонымен қатар, ұнды өнімдердің тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру үшін қант алмастырғыштарды пайдалану, май мөлшерін азайту және ақуызға негізделген қоспаларды қолдану арқылы шешуге болады.Өнімнің тағамдық құндылығын арттыру үшін соя, жержаңғақ және күнбағыс сияқты өсімдік тектес ақуыздар жиі қолданылады. Олар ұн, изолят немесе концентрат түріндегі формада қосылады .
Биологиялық құндылығы жоғарылатылған ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді әзірлеу теориялық және практикалық тұрғыдан қазіргі таңда айтарлықтай қызығушылық тудыруда. Бұл ассортиментті кеңейтуге, сапаны жақсартуға және соңғы өнімнің тағамдық және биологиялық құндылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.