Оқушы мотивациясын арттырудағы цифрлық платформалардың ықпалы
Keywords:
оқушы мотивациясы, цифрлық платформалар, интерактивті оқыту, білім берудегі инновациялар, Quizizz, Kahoot, Google Classroom, геймификация, қашықтықтан оқыту, оқу мотивациясын арттыруAbstract
Аннотация
Мақалада орта білім беру мекемелерінде оқушылардың оқу мотивациясын арттыру мақсатында цифрлық платформаларды қолданудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың оқу үрдісіне белсенді қатысуы мен жеке қызығушылықтарын ескере отырып, оқытудың заманауи тәсілдерін қолдану өзекті болып отыр. Цифрлық платформалар – оқытуды интерактивті, бейімделген әрі оқушыға бағытталған етуге мүмкіндік беретін құралдар жиынтығы. Олардың көмегімен оқу материалы оқушылар үшін қызықты, қолжетімді және түсінікті формада ұсынылады.
Мақалада Quizizz, Kahoot!, Google Classroom, LearningApps, Moodle сияқты платформалардың оқу барысындағы мотивациялық әсері талданады. Бұл ресурстар оқушыларға жарыс элементтері арқылы білім алу, бірден кері байланыс алу, өзіндік бағалау жүргізу, сондай-ақ оқу нәтижелерін бақылау мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, цифрлық платформалар оқытуда дербестік пен еркіндік сыйлайды, бұл өз кезегінде оқушының ішкі мотивациясын оятады.
Осы зерттеу барысында цифрлық құралдардың тиімділігі, оларды қолдану әдістері мен мұғалімдердің тәжірибесіндегі ерекшеліктері қарастырылған. Мақалада сондай-ақ платформаларды қолдану кезінде туындайтын қиындықтар мен оларды еңсеру жолдары сипатталады. Зерттеу нәтижелері цифрлық платформалардың оқу үдерісін жандандырудағы әлеуетін көрсетіп, болашақта оларды кеңінен қолданудың маңыздылығын айқындайды. Цифрлық технологияларды сауатты пайдалану – оқушылардың білімге деген құлшынысын арттырудың тиімді жолы ретінде ұсынылады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.