СОҒЫС РЕАЛИЗМІНІҢ КӨРКЕМ МОДЕЛІ: КЕМЕЛ ТОҚАЕВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ШЫНАЙЫ СУРЕТ ПЕН АДАМДЫҚ ДИЛЕММА

Authors

  • Ғилымханов Мәрлен Мәлікұлы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің магистранты

Abstract

             Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының қалыптасуында және дамуына өзіндік үлес қосқан көрнекті қаламгерлердің бірі – Кемел Тоқаев. Ол – тек көркем сөз шебері ғана емес, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қаһарман ардагері, өмірлік тәжірибесі мен адами болмысы шығармаларында көрініс тапқан жазушы. Кемел Тоқаевтың көркемдік әлеміне бойламас бұрын, оның өмір жолына қысқаша шолу жасау жазушы шығармашылығының ішкі мәнін ашуға мүмкіндік береді.

Балалық шағы ауыртпалықпен өрілген Тоқаев тағдыры – ұлт тарихының күрделі кезеңдерінің айнасы іспеттес. Ерте жасында ата-анасынан айырылып, ағасы Қасыммен бірге балалар үйінде тәрбиеленуі, оны өмірге ерте бейімдеп, шыңдай түсті. Балалық шақтағы сағыныш пен аңсар, үміт пен күйзеліс оның ішкі жан дүниесін тереңдетіп, кейінгі көркем туындыларына әлеуметтік-психологиялық астар берді.

Жаны жаралы, көңілі қапалы Кемелді майдан тағы бір есеңгіретті. Фрунзе жаяу әскер училищесінде шыңдалып, Сталинград майданына аттанды. Соғыста 226-атқыштар дивизиясының бөлімше командирі болды. Айқас кезінде жараланып қалса да, кері жауынгерлер қатарынан табылды. 7-гвардиялық танк полкінде жаумен арпалысты. Бұл тәжірибелер оның әдебиетке деген көзқарасын өзгертті және детектив жанрында терең психологиялық, әлеуметтік мәселелерді көтеруіне негіз қалады.

Published

2025-06-02

How to Cite

Ғилымханов Мәрлен Мәлікұлы. (2025). СОҒЫС РЕАЛИЗМІНІҢ КӨРКЕМ МОДЕЛІ: КЕМЕЛ ТОҚАЕВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ШЫНАЙЫ СУРЕТ ПЕН АДАМДЫҚ ДИЛЕММА. Modern Scientific Technology, (10). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSC/article/view/6364

Issue

Section

Philological Sciences