ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ МҰРА: «ІЛИЯС ӘЛЕМІ» САЙТЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ
Keywords:
Ілияс Жансүгіров, оқу-танымдық сайт, әдеби мұра, цифрлық білім беру, рухани тәрбиеAbstract
Бұл зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетімен қаржыландырылды (грант №AP19680053). Мақала жоба аясында әзірленді. Мақалада І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында құрылған https://iliasalemi.zhetysu.edu.kz оқу-танымдық сайтының құрылымы, мазмұны және оның білім беру процесіндегі рөлі қарастырылған. Сайттың басты мақсаты – қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығын цифрлық білім беру кеңістігінде заманауи форматта кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру және отансүйгіштікке баулу. Мақалада сайттың мазмұндық құрылымы мен қолдану мүмкіндіктеріне сараптама жасалып, оның білім беру процесіндегі орны талданады. Сонымен қатар сайттың сынақтан өткізу нәтижесі ұсынылған.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.