КӨКСАРАЙ КОНТРРЕТТЕГІШІНДЕГІ БАС СУ ТОРАБЫ
Abstract
Сырдария өзеніндегі Көксарай бас су торабы құрамы, өтімі 1800 м3/с суды жеткізу және алып кету арнасы бар су тастағыш пен өтімі 500 м3/с бастоған, сол және оң жағалық дамбылардан тұрады. Су тастағыш пен бастоған біртұтас құрылысынан тұрады [1-4].
Суды әкету арнасы жер арнада түбінің ені 150,0 м, құламасы ылдилығы 1:3 етіп орындалған. Ағынның толқыны алдын алу үшін екі жағынан 160,0 м арақашықтықта қорғаныс дамбылары орнатылған. Сырдария өзенінде су тасығнада жерлерді судан көмілуден қорғау үшін, қарама-қарсы оң жағада ұзындығы 1986м, бөгетшесі жотасының биіктігі 215,0м қорғаныс дамбысы тұрғызылған [1].
Суды жеткізу арнасының оң жағалық бөгетшесінің ұзындығы – 171м, сол жағалықтың ұзындығы – 737м. Жалпы 213,0 м белгіде ені 5 м берма бар, диаметрі 15-20 см тас төсенішпен бекітілген.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.