ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Authors

  • Жумабекова Улдана Бахтовна Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Ақпараттық технологиялар факультеті, Информатика кафедрасының магистранты, Астана, Қазақстан
  • Кариева Қалия Утеповна

Abstract

Бұл мақалада ойын арқылы оқыту технологиясы қарастырылады, оның ішінде аталмыш технологияның білім беру жүйесіндегі маңыздылығы мен информатика пәнін оқытудағы тиімділігі сипатталады. Информатика сабағында ойын элементтерін қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілетін дамытады. Сонымен қатар, ойын арқылы оқыту – білімді меңгерудің жеңіл әрі есте қаларлық формасы болып табылады. Автор педагогикалық практика барысында мектеп оқушыларына арналған информатика сабағында LearningApps.org, Kahoot және басқа да сандық ойын платформаларын қолдану арқылы сабақ жүргізіп, нәтижелерін сипаттайды. Мақалада ойын тапсырмаларының оқушылардың мотивациясын арттырудағы, командалық жұмысты дамытудағы және цифрлық сауаттылықты қалыптастырудағы орны көрсетілген. Сонымен қатар, болашақ мұғалімдерді дайындау барысында ойын технологияларын меңгертудің маңыздылығы атап өтіледі

Published

2025-06-02

How to Cite

Жумабекова Улдана Бахтовна, & Кариева Қалия Утеповна. (2025). ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Modern Scientific Technology, (10). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSC/article/view/6376

Issue

Section

Pedagogical Sciences