ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕП МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: БАСШЫНЫҢ КӨЗҚАРАСЫ
Abstract
Қазіргі замандағы білім беру жүйесі сандық технологиялармен, жасанды интеллектпен, жаһандық бәсекелестікпен тығыз байланысты жаңа дәуірге аяқ басты. Осы орайда, білім беру саласында тың өзгерістер мен жаңашыл тәсілдерді енгізу қажеттілігі туындап отыр. Инновациялық мектеп моделі — тек білім беру формасын ғана емес, оның мазмұнын, ұйымдастыру құрылымын және басқару үлгілерін де өзгертетін кешенді ұғым. Бұл модель оқушы мен мұғалімнің, ата-ана мен қоғамның өзара қарым-қатынасына, мектептің ішкі микроклиматына, педагогикалық мәдениетіне де жаңа серпін береді. Әсіресе, мектеп басшысының бұл процестегі рөлі ерекше. Басшы — тек әкімшілік тұлға емес, өзгеріс тудырушы көшбасшы, жаңалықтың дәнекері. Ол педагогикалық ұжымды бағыттайтын, оқушылар мен ата-аналардың сенімін арттыратын, заманауи талаптарға жауап бере алатын менеджер болуға тиіс.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.