ҚАЗАҚСТАН САЯСАТЫНДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ДАМУ БОЛАШАҒЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЙС-ТАЛДАУ

Authors

  • Жулдыз Балмурзина Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Халықаралық қатынастар кафедрасы, Саясаттану мамандығының магистранты, (Түркістан, Қазақстан)
  • Макпал Анламасова Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Халықаралық қатынастар кафедрасының доцент м.а (Түркістан, Қазақстан)

Keywords:

жасанды интеллект, нейрожелі, сайлау үдерісі, саясат, заңнамалық реттеу

Abstract

Мақалада жасанды интеллектіні (ЖИ) саясат саласында қолданудың негізгі бағыттары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – ЖИ-дің саяси үдерістерге енгізілуінің маңызды кейстерін айқындау және әртүрлі елдердегі оны реттеудің құқықтық-нормативтік ерекшеліктерін талдау. Автор кейс-талдау әдісін пайдалана отырып, ЖИ қолданылған нақты мысалдарды зерделейді және саяси тәжірибеге енгізудің ықтимал түрлерін жіктейді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ЖИ-дің қазіргі қолданысы көбіне басқарушылық сипаттағы міндеттерді шешуге бағытталған, ал саяси технологиялардың күрделі ауқымына бейімделуі сирек кездеседі. Сонымен қатар, әрбір мемлекеттің ЖИ-ді құқықтық тұрғыдан реттеу тәсілдері айтарлықтай ерекшеленетіні анықталды: кейбірі икемді әрі бейімделгіш құқықтық негіздер құруға ұмтылса, басқалары этика мен ашықтық мәселелерінде қиындықтарға кезігуде. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – әртүрлі елдердегі ЖИ енгізу тәжірибесін кешенді талдау және оны саяси үдерістер контексінде қарастыруында

Published

2025-09-15

How to Cite

Жулдыз Балмурзина, & Макпал Анламасова. (2025). ҚАЗАҚСТАН САЯСАТЫНДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ДАМУ БОЛАШАҒЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЙС-ТАЛДАУ. Modern Scientific Technology, (11). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSC/article/view/6763

Issue

Section

Political Teachings