ӘДЕБИ ӨЛКЕТАНУ: САҒЫНТАЙ БИСЕНҒАЛИЕВ ЖӘНЕ ҚЫДЫР ХАРЕСҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ-ИДЕЯЛЫҚ, ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Abstract
Қазақтың көркем әдебиеті – қазақ ұлтының рухани мәдениетінің біртұтас жүйесі боп табылса, ал оның негізгі қабатын өлке әдебиеті құрайтыны анық. Әдеби өлкетануды зерттеу арқылы, әдеби өлке әдебиетін насихаттау нәтижесінде, рухани жаңғыру дүниетанымын кеңейтуге жол ашылады.
Бай тарихы бар Орал өңірі әдебиетінің қазіргі таңдағы танымал өкілдері Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, мәдениеттанушы Сағынтай Бисенғалиев пен ақын, белгілі журналист Қыдыр Харесұлы поэзиясының тақырыптық-идеялық, жанрлық ерекшеліктері назар аудартады. Мәселен, Сағынтай Бисенғалиевтің юморға толы өлең-жырларының қатарын ақынның жыр жинақтарына [1-2] енген эпиграммалары мен достық әзілдері толықтыра түседі. Эпиграмма жанры туралы орыс әдебиеттанушылары жасақтаған әдеби терминдер сөздігінде «Эпиграмма (грек тілінен аударғанда epigramma – жазу) – сатиралық поэзияның бір түрі, адамды немесе қоғамдық құбылысты келемеждейтін шағын өлең», - деп көрсетеді және «Эпостық формалардан өзінің қысқалығымен ғана емес, сонымен бірге фактіге немесе оқиғаға нақты көрсетілген субъективті қатынасымен ерекшеленді» [3, 467 б.], - деп толықтырады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.