ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ БАҒАЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ

Authors

  • Исхан С.С. 7M01505 – «Биология» 2 курс магистранты, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ
  • Маусумбаева А.М. а./ш. ғ.к. оқытушы-дәріскер, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ
  • Онгарбаева С.С. педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы-дәріскер, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ

Keywords:

функционалдық сауаттылық, оқу жетістіктерін бағалау, халықаралық зерттеулер, PISA, TIMSS, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық

Abstract

Мақалада функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселелері қарастырылады және оны халықаралық деңгейде бағалаудың тәжірибесі талданады. Функционалдық сауаттылық – оқушылардың алған білімдерін практикалық жағдайда тиімді қолдануға, қоғамда өз орнын табуға, әлеуметтік және кәсіби өмірде қажетті дағдылар мен құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін білім беру нәтижесі ретінде қарастырылады. Мақалада функционалдық сауаттылықтың негізгі түрлері – оқу, математикалық, жаратылыстану-ғылыми, ақпараттық, коммуникативтік және қаржылық сауаттылық көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақстандағы зерттеушілердің еңбектері мен тәжірибелері, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы әдістемелік тәсілдер, пәнаралық байланыс пен жаңартылған жалпы орта білім мазмұнының рөлі талданады. Мақалада сонымен бірге PISA, TIMSS, ICILS, PIRLS және TALIS сияқты халықаралық зерттеулердің функционалдық сауаттылықты бағалаудағы маңыздылығы қарастырылады

Published

2025-12-29

How to Cite

Исхан С.С., Маусумбаева А.М., & Онгарбаева С.С. (2025). ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ БАҒАЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ. Modern Scientific Technology, (12). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSC/article/view/7541

Issue

Section

Pedagogical Sciences