Жазушы және көркем шығарманың ұлттық идеологияға, қоғамға әсері

Authors

  • Кушкимбаева Айнур Серикбаевна PhD., Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің доценті

Abstract

Жазушы – көркем әдебиетті жасаушы адам [1, 196]. Жазушы – кез келген өмір шындығын немесе арқау еткен мәселесін қағаз бетіне қаламмен кестелейтін суретші. Жазушы ұғымы әдебиет саласындағы проза жанрының қалыптасуымен тығыз байланысты. 20-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіне зор сілкініс алып келген проза жанрын қалыптастырушы жазушылар болатын. Бастапқы сипатында қандай да бір идеяны, өмірлік шындықты арқау ете отырып, қалың көпшілікке сөз өнерімен жеткізуге тырысқан. Заманында жазушы еңбектерінің барлығында да шығармашылық негіз, астарында шындық  жататын. Бертін келе жазушылар саны әдебиеттің дамуымен арта бастаған тұста әдебиеттің басқа да мәселелері мен салалары пайда бола бастады. Тиісінше жазушылар тудырған тың дүниелер де көбейіп, оны оқырмандардың талдап, талғап оқу жағдайлары кездесе бастады. Қай нәрсе көбейген тұста оған деген қызығушылықтың да төмендейтіні белгілі. Таяқтың бір ұшы көркем шығарманы оқуға қызығушылықтың дамуына кесірін тигізе бастады. Әрине, аталмыш жағдай көркем шығармаларға деген қызығушылықтың төмендеуіне негізгі себеп емес.

Published

2023-02-13

How to Cite

Кушкимбаева Айнур Серикбаевна. (2023). Жазушы және көркем шығарманың ұлттық идеологияға, қоғамға әсері. Modern Scientific Technology, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSC/article/view/827

Issue

Section

Philological Sciences