ТАРИХ САБАҒЫНДА ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДА ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Keywords:
дарынды оқушылар, тарихты оқыту әдістемесі, аудиовизуалды ресурстар, деректі фильмдер, дарынды оқушылардың зерттеушілік дағдылары, саралап оқыту, зияткерлік әлеуетAbstract
Мақалада қазіргі білім беру парадигмасы аясында дарынды оқушылардың зияткерлік және зерттеушілік әлеуетін дамытуда деректі фильмдерді қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылады. Авторлар тарапынан Дж. Рензулли, Г. Гарднер және Л. Выготскийдің іргелі теорияларына сүйене отырып, аудиовизуалды ресурстардың дарынды балалардың танымдық белсенділігін ынталандырудағы дидактикалық рөлін негізделеді. Зерттеу барысында деректі фильмдерді тарих сабақтарына интеграциялаудың әдістемелік жолдары, атап айтқанда, академик Әлкей Марғұланның мұрасына қатысты материалдарды пайдалану тәжірибесі талданады. Деректі фильмдерді жүйелі қолдану дарынды оқушылардың тарихи санасын жаңғырту мен өзіндік ғылыми ізденістерін дамытудың тиімді құралы екендігі негізделеді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.