Бастауыш сынып оқушыларында есте сақтау мен каллиграфияны дамытудың заманауи стратегиялары
Keywords:
есте сақтау, каллиграфия, бастауыш сынып, мнемотехника, ойын технологиясы, жазу дағдысыAbstract
Бастауыш білім беру кезеңі – баланың танымдық және тұлғалық дамуының негізі қаланатын маңызды кезең. Осы кезеңде оқушылардың есте сақтау қабілеті мен жазу дағдылары, соның ішінде каллиграфия, ерекше рөл атқарады. Қазіргі білім беру жағдайында бұл дағдыларды дамытуда дәстүрлі әдістермен қатар заманауи педагогикалық стратегияларды қолдану қажеттілігі артып отыр.
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларында есте сақтау мен каллиграфияны дамытуға бағытталған тиімді әдістер мен стратегиялар қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – оқушылардың есте сақтау қабілетін жетілдіру және көркем жазу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін инновациялық тәсілдерді анықтау. Зерттеу барысында ойын технологиялары, визуализация, мнемотехника және цифрлық құралдар қолданылды. Нәтижесінде ұсынылған әдістер оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, жазу сапасын және есте сақтау деңгейін жақсартатыны анықталды.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.