Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы дендрофилді қатты қанаттылардың түр құрамы және зерттеу нәтижелерін мектеп бағдарламасында қолдану жолдары

Authors

  • Халилаев Хайролла Қайратұлы оқытушы-магистр, Абай атындағы ҚазҰПУ
  • Есимов Болат Кабдушевич биология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУАманжолов Рустам
  • Аманжолов Рустам Адилевич оқытушы магистр, Абай атындағы ҚазҰПУ

Keywords:

қатты қанаттылар отряды, ауыл шаруашылығы, мектеп бағдарламасы

Abstract

Мақалада Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы дендрофилді қатты қанаттылардың түр құрамы, пайдалы және  зиянды түрлерінің даму ицклдары қарастырылған. Қазақстанның  оңтүстік-шығысындағы дендрпофильді қатты қанаттылардың түр құрамынының тізімі берілген.

Қазіргі уақытта толық зерттелмеген ашық жақтылар класс тармағының ECTOGNATHА бірі дендрофилді қоңыздар. Сонымен қатар, бұл әр орман биоценозында өмір сүретін жәндіктердің ең зиянды тобының бірі. Орманға антропогендік әсердің күшеюі жәндіктердің осы тобына қолайлы жағдай туғызатынын, нәтижесінде олардың халық шаруашылығындағы жағымсыз құндылығы ұдайы артып отыр. Қатаң орман жағдайлары, континенттік климат, құрғақшылық, рекреациялық жүктеменің жоғарылауы таулы ормандарды мекендейтін көптеген жәндіктер түрлерінің санының өзгеруіне әкеледі. Бұл орманды аймақтың әртүрлі таулы жағдайларындағы дендрофилді қаттықанаттылардың әртүрлі экологиялық және орман шаруашылығы топтарын және жеке түрлерін мұқият зерттеу қажеттілігін алдын ала анықтайды.

Алынған нәтижелер негізінде мектеп оқушыларының зоология бағыты бойынша білімдерін, шығармашылықтарын дамыту мақсатында мектеп бағдарламасына 2023-2024 оқу жылына қолданбалы курс тақырыптық - күнтізбелік жоспар беріледі.

Published

2026-04-20

How to Cite

Халилаев Хайролла Қайратұлы, Есимов Болат Кабдушевич, & Аманжолов Рустам Адилевич. (2026). Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы дендрофилді қатты қанаттылардың түр құрамы және зерттеу нәтижелерін мектеп бағдарламасында қолдану жолдары. Modern Scientific Technology, (13). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSC/article/view/8352

Issue

Section

Biological Sciences