Ақын Тойлыбай Құрмандолдаұлы поэзиясы
Keywords:
ақын, поэзия, әдебиет, ұлт руханиятыAbstract
Атамекеннен жырақта туып-өсіп, шетелдегі қазақ әдебиетінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан көрнекті өкілдерінің бірі – тарланбоз ақын, талантты тәржімашы Тойлыбай Құрмандолдаұлының поэзиясын Атамекендегі әдеби, ғылыми ортаға таныстыру, поэзиясындағы ақын үнін жеткізу зерттеу мақаланың жаңалығы болып табылады. Ал ақынның ұлт руханиятына қосқан үлесі, қазақ әдебиеті мен тарихына, этнографиясына арналған құнды өлең-жырлары, ондағы көтерілген мәселелерді ғылыми тұрғыда саралау еңбектің өзектілігін көрсетеді.