Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы мақал-мәтел мен сентенциялардың прагматикалық қызметі

Authors

  • Жұбай Орынай Сағынғалиқызы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессор м.а., филология ғылымдарының докторы
  • Сарбасова Қарлығаш Базарбековна І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты
  • Рысқұлов Марат Әбсаттарұлы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің докторанты

Abstract

Бүгінгі таңда тіл білімінде антропоөзектік бағыт үстемдік алып, адам факторына ерекше мән беріліп отыр. Зерттеу парадигмасының  антропоөзектік ұстанымы тілдің ең маңызды екі қызметін – танымдық (когнитивтік) және коммуникативтік қызметін терең ашуға бағытталған. Бұл бағыттағы зерттеулерде адам өзіндік әлемі, дүниетанымы бар саналы жан ретінде, тілді тұтынатын сөйлеуші (адресат) ретінде  сипатталып, ойлау, сөйлеу әрекетіне қатысушы тұлға ретінде көрінеді. Тіл ойлаумен, санамен тығыз байланысты. Сана – адамға ғана тән, сөйленіс әрекетімен тығыз байланыста болатын мидың әрекеті. Адам қандай да бір нәрсе туралы ойлаған кезде оның санасында сол заттың бейнесі көрініс табады. Таңбаның бейнесі ойға негіз болады. Ой сөз арқылы көрініс табады. Сана тіл арқылы көрініс табумен қатар тіл арқылы қалыптасады. Тіл танымды бейнелеумен қатар ойды білдіру құралы болып табылады. Тілді когнитивті тұрғыда зерттеуде болмыс туралы білімнің қалай берілетіні, оның өзіндік ерекшелігі айқындалады. Бұл орайда тіл қарым-қатынас құралы, әлемді тану құралы, білімнің шоғырлану құралы, білімді жеткізуші құрал ретінде сипатталады.

Published

2022-10-15

How to Cite

Жұбай Орынай Сағынғалиқызы, Сарбасова Қарлығаш Базарбековна, & Рысқұлов Марат Әбсаттарұлы. (2022). Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы мақал-мәтел мен сентенциялардың прагматикалық қызметі. Modern Scientific Technology, (1). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSC/article/view/89

Issue

Section

Philological Sciences