БИОЛОГИЯНЫ AR/VR ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
Keywords:
толықтырылған шындық, виртуалды шындық, биологияны оқыту әдістемесі, иммерсивті оқыту, пәндік жетістік, квазиэкспериментAbstract
Биология пәнінің көптеген тақырыптары көзге көрінбейтін құрылымдар мен динамикалық процестерді сипаттайтындықтан, оларды дәстүрлі көрнекі құралдар арқылы түсіндіру оңай емес. Осы мәселені шешу мақсатында біз 8-сынып биологиясын толықтырылған және виртуалды шындық (AR/VR) технологиялары арқылы оқыту әдістемесін әзірлеп, оның оқушылардың пәндік жетістігіне әсерін эксперимент жүзінде тексердік. Зерттеу бақылау тобы бар квазиэксперименттік дизайн бойынша жүргізіліп, оған 60 оқушы қатысты. Эксперименттік топ (n = 30) сегіз апта бойы 5E моделіне негізделген AR/VR әдістемесі бойынша оқыса, бақылау тобы (n = 30) сол тақырыптарды дәстүрлі әдіспен меңгерді. Алдын ала тестілеуде топтардың деңгейі бірдей болып шықты (p = 0,201), ал бастапқы деңгейді ескеретін ковариациялық талдау (ANCOVA) эксперименттің соңында эксперименттік топтың нәтижесі мәнді түрде жоғары екенін көрсетті (түзетілген орташалар 70,5 және 66,2 балл; F(1, 57) = 4,70; p = 0,034; η²p = 0,076). Оқушылардың білім өсімі эксперименттік топта орта есеппен 9,8 баллды, бақылау тобында 5,5 баллды құрады (Hedges g = 0,58), ал жоғары деңгейге жеткен оқушылар үлесі 10 %-дан 43 %-ға дейін артты. Бұл нәтижелер иммерсивті технологиялар сабақтың әдістемелік құрылымына жүйелі түрде енгізілгенде биологиялық білімді меңгеру тиімділігі артатынын көрсетеді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.