Ф.Оңғарсынованың шумақты өлеңдерінің синтаксистік құрылысы және инверсия
Keywords:
поэзия, синтаксистік құрылыс, инверсия, Ф.Оңғарсынова, сөйлем мүшелері, бірыңғай мүшелер, сұраулы құрылымдарAbstract
Поэтикалық мәтіннің өзіндік ерекшелігі мен күрделілігіне орай қазірге дейін оны зерттеуге деген ғалымдардың қызығушылығы төмендеген емес. Жазушы не ақынның тілі және стилін зерттеушілер үшін мәтіннің синтаксистік ұйымдасуының принциптерін айқындау және құрылымдық бірліктерін пайдалану сипаты маңызды болып табылады.
Қазақ тілтаным теориясында жекеленген ақындар шығармашылығы негізінде поэтикалық мәтіннің көркемдік, тілдік ерекшеліктері қарастырылғанымен, синтаксистік құрылысы көп зерттелмеген және ақындар өлеңдерінің синтаксистік ерекшеліктерін анықтау, зерттеудің өзі лингвистикалық поэтиканың көптеген өзекті теориялық мәселелерінің ара жігін ашып беретіні сөзсіз.
Қазақ тіл білімінде өлеңнің синтаксистік компонентінің мәні ерекше екені белгілі. Дегенмен күні бүгінге дейін Ф. Оңғарсынова туындыларының синтаксистік құрылысын зерттеуге арналған арнайы еңбектердің жоқтың қасы. Ақынның шығармашылығының басқа аспектілеріне арналған еңбектерде өлеңдегі кейбір синтаксистік құбылыстары туралы үзінді ескертулер, тұжырымдар бар. Алайда мұнда синтаксистік құрылыстың өзіне емес, өлеңнің ырғақтық құрылымына негізгі назар аударылады.
Бұл мақалада қазақ халқының поэзиясының патшайымы, Фариза Оңғарсынованың, идиостиліндегі тілдің синтаксистік құралдарының семантикасы мен қызметін анықтау және олардың А.Құнанбаевтан бері қалыптасқан тілдік нормада, қазақ әдеби тілінің тенденцияларымен ара қатынасын көрсету болып табылады.