ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ ТАРИХИ ОТАНЫНА ОРАЛУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Authors

  • Акмадан Құрманбек С. Амaнжoлoв aтындaғы Шығыc Қaзaқcтaн yнивepcитeтi, Тарих мамандығының 2 курс магистранты
  • Шуршибай Бейбитгул С. Амaнжoлoв aтындaғы Шығыc Қaзaқcтaн yнивepcитeтi, Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының т.ғ.к., қау., профессоры
  • Совет Дана С. Амaнжoлoв aтындaғы Шығыc Қaзaқcтaн yнивepcитeтi, Дінтану – философия 2 курс.

Abstract

Қазақ диаспорасының тарихы мәселесін қарастыру қоғамдық сұраныстан туындаған. Себебі, бүгінгі таңда шетелдерде шамамен 4,5 миллионға жуық қазақ ирриденттері мен диаспора өкілдері тұрады. Біз оларды жинақтап «этникалық қазақтар» деп атаймыз. Шетелдегі қазақтардың саны біз ойлағаннан кем немесе одан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Қалай дегенмен де, Қазақстаннан сырт, алыс-жақын шетелдерде қазақ диаспорасы мен ирриденттерінің қомақты бөлігі өмір сүріп жатқаны белгілі. Қазақ ұлтының шетелдегі бұл өкілдері түрлі тарихи кезеңдерде, әртүрлі тарихи жағдайларға байланысты қалыптасқан. Оған қазақ жерінің отарлануы мен қазақ халқының өз ұлттық мемлекетінің жойылуы, сыртқы күштердің әлімжеттілігі әсер етті. Шекара сызықтарының әділ жүргізілмеуі, отаршылдық езгі, саяси қуғын-сүргін, т.б көптеген факторлар қазақтардың бүгінгі Қазақстан шегінен сырт аймақтарға, алыс шет елдерге қоныстануына әкелді. Шетелдегі отандастар туралы мәліметтерді алу, қазақ халқына жасалған тарихи әділетсіздікті ашық айту тек Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана мүмкін болды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Түркістан қаласында өткен дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Отанынан тыс жердегі қазақтардың болашағы туралы былайша ой толғаған еді: «Қазір Қазақстаннан сырт жерлерде тұратын қазақтардың саны 5 миллионнан асады. Міне, осыны ойлағанда 40 пайыздан астам шетелдерде тұратын бүкіл дүниежүзіндегі қазақтың үштен бірін құрайтын бауырларымызды ертең не күтіп тұр деген сауал көкірегімізде еріксіз оянады» [1]. Елбасының қазақтар тұратын мемлекеттердің басшыларымен кездесулерінде қандастарымыздың хал-ахуалына қатысты мәселелер сан мәрте ресми түрде қозғалды.

Published

2023-06-12

How to Cite

Акмадан Құрманбек, Шуршибай Бейбитгул, & Совет Дана. (2023). ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ ТАРИХИ ОТАНЫНА ОРАЛУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Modern Scientific Method, (3). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSM/article/view/1719

Issue

Section

Historical Sciences