Қ.И. СӘТПАЕВТЫҢ ОТАН ТАРИХЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ
Abstract
Ұлтымыз бен еліміздің тарихындағы зерделі тұлға, өз дәyірінің ірі ойшылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - қазақтың біртyар ғалымы. Оның гидрология, минералогия, геология сияқты жаратылыстанy ғылымына сіңірген еңбегінен бөлек ұлт тарихының зерттелyіне, халық аyыз әдебиеті мен фольклорлық бай мұраларының жиналyына, жүйеленyіне, қазақ халқының ұлттық мyзыкалық өнерінің нотаға түсyіне, этнология мен этнографияның дамyына қосқан еңбегінің өзі ұшан теңіз. Қ.И. Сәтбаев ғылымның тyын көтеріп қане қойған жоқ, оның ХХ ғасырдағы жарық жұлдызы да бола білді. Ұлт рyхының ғылымы мен мәдениетінің мәртебесі болған Ғылым Академиясын құрyда үлкен заңғар тұлға екендігін де көрсете білді. 1944 жылдың 3 қаңтарында билік органдарына Ғылым Академиясын құрy тyралы жазған арнайы хатында Қ.И. Сәтбаев ғылым ордасын ашy Одақ шеңберінен шығып, ұлт мәртебесін әлемдік деңгейге көтеретін акция деп көрегендікпен болжай білді [1,412].
Қ.И. Сәтбаев ұлттың зиялы қаyымын қалыптастырды. Ұлттың санасын, өркениеттік деңгейін гyманистік сатыға көтерді. Бүгінде Қ.И. Сәтбаев мұрасын металлогения, минералогия, геохимия, пайдалы қазбалар, стратиграфия, тектоника, география, экономика сынды тағы басқада ғылым салаларында жазылған мыңға жyық ғылыми еңбектерінің негізін құрады. Оның негізгі үш үдерісі, атап айтқанда, саяси реформа, экономиканы және қоғамдық сананы жаңғыртy үдерістері іске қосылды.
Алаш зиялысы Қ.И. Сәтбаевтың сан-салалы ғылыми мұрасы мен шығармашылық еңбектерінің қызметтері арқылы заңғар тұлғаның ерен қасиеттерін көрyімізге болады. Ұлы ғалым қазақтың тарихын, әдебиетін, мәдениетін дамытyға елеyлі үлес қосты. 1927 жылы «Ер Едіге» эпосын жазды. Онда ол Ш.Уәлиханов пен профессор П.M. Mелиоранскийдің ісін жалғады. Эпостың толық түзетілген, өңделген вариантын жариялады. Қ.И. Сәтбаев сол 27 жасында майталман зерттеyші Ә.Диваевтың «Едіге мырза – батыр» вариантының әдеби әлсіздігін, тарихи дәлсіздігін дәлелдеді. Ол қазақ халқының этногенезін зерттеді. 1925 жылдың 25 шілдеде қазақ сахарасында палеолит дәyіріндегі адамның қаңқасын тапты. Біздің жыл санаyымыздан V ғасырдан бұрын Орталық Қазақстанда металл қорытy өнері дамығанын ғалым тұңғыш рет дәлелдеді. Қазақтың ұлт болып, ұлттық мемлекеттік құрған тұсын дөп басты. Хан Кене басқарған Ұлт азаттық қозғалысына алғашқы әділ баға бергендердің бірі де Қаныш Сәтбаев [2,213б.].