СТУДЕНТТЕРДІҢ ИКЕМДІ ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Keywords:
сөздер, студент, педагог-психолог тұлғалық қасиет, прагматикалық қасиет, бақылау локусы, өзін-өзі басқаруAbstract
Берілген мақалада студенттердің икемді және прагматикалық қасиеттерінің дамуы кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайындығының негізі ретінде қарастырылады. Болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағдарлану қазіргі заманғы жоғары кәсіптік білім беру стратегиясы болып табылады. Маманның кәсіби-тұлғалық дамуы деңгейінің негізгі критерийлері руханилық, кәсіби-біліктілік, кәсіби әрекетке операциялық-технологиялық дайындығы, шығармашылық белсенділік және бейімделу қабілеттілігі жіктеледі. Кәсіби - біліктілігі болжам жасау қабілеттілігі, жұмысын жоспарлау, қиындықтарының алдын алу т.б көрінеді. Студенттер өзін-өзі басқару, өзін-өзі реттеу және тәжірибесін кенейту арқылы өз білімін көтереді. Осы тұрғыдан алғанда, тұлғалық өсу заңдылығы өзінің прагматикалық қасиеттерін дамытудың балама жолдарын ұсынады: бақылау локусының дамуы, яғни адамның құбылыстардың себептерін сыртқы немесе ішкі факторлармен түсіндіруге бейімділігін көрсетуі; өзін-өзі басқару адамның мақсатты түрде өзгеруі, ал мақсатты өзі басқаратын адам қояды алады, ол өзін қарым-қатынаста, мінез-құлықын, іс-әрекетті және тәжірибені өзі басқарады. Өзін-өзі реттеу де өзгеріс болып табылады, бірақ қолданыстағы ережелер, нормалар, стереотиптер шеңберінде жасалады. Болашақ педагог-психологтың кәсіби маңызды қасиеттеріне өз әрекеттерінен нақты нәтиже алуда өте маңызды қасиет прагматикалық қасиетті қосуға болады, бұл болашақ маман дайындауда оңтайлы нәтиже алуға мүмкіндік береді.