ВИТАГЕНДІК-АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТУРАЛЫ

Authors

  • Молдабек Құлахмет педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Қазахстан, Шымкент қ.
  • Кенжебекова Рабига Ибрахимовна педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Қазахстан, Шымкент қ.

Abstract

Витагендік-ақпараттық технологияның алғашқы арналары академик, педагогика ғылымдарының  докторы   А.С.Белкин мен оның шәкірттері В.А.Кривенко, В.В.Нечаева, Н.О.Вербицкая  т.б.  ізденістерінен  бастау алады. 

А.С.Белкин: «Витагендік оқыту дегеніміз – мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекетінің белгілі бір мақсатқа бағытталуы,  сабақ үдерісінің оқушының жинақтаған тәжірибесі арқылы ұйымдастырылуы,  оқушылардың ұжымдық тәжірибелерінің жүзеге асуы. Витагендік-ақпараттық технологияны оқытуды ұйымдастыру сабақ жүйесі мен технологиясын өзгертуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұғалімнің оқушыларға берілетін материалдағы витагендік -ақпараттан хабардар болуы тиіс. Ең бастысы, витагендік-ақпараттық технологияны оқыту оқушылардың білімін белсендірумен қатар, жинақтаған өмірлік тәжірибелерін жүзеге асыратын витагендік-ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін қалыптастырады» – дейді [2, 25 б.].  Оқушылардың басты проблеманы бірігіп шешуіне, бірлесе тәжірибе жинақтауларына және әр оқушының өз тарапынан нәтижелі шешімге жетуіне мүмкіндік тудырылады. Бұл жүйеде тапсырманы оқушылардың бірігіп шешуіне, бірігу арқылы ортақ мақсат қою және сол мақсатқа жетудегі бірлескен өздік тәжірибе жинақтау маңызды болып табылады. Тіл үйренушілердің витагендік-ақпараттық технологияның тәжірибесі деп те аталады

Published

2022-10-29

How to Cite

Молдабек Құлахмет, & Кенжебекова Рабига Ибрахимовна. (2022). ВИТАГЕНДІК-АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТУРАЛЫ. Modern Scientific Method, (1). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSM/article/view/184

Issue

Section

Pedagogical Sciences