«PHYSICS IN ENGLISH» ЭЛЕКТИВТІК КУРС ЖҮЙЕСІН ІСКЕ АСЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Keywords:
қу – тәрбиелік зерттеу, физика курсы, мектеп оқушыларын зерттеу, теориялық әдісAbstract
Бұл мақалада бейіндік мектепте «PHYSICS IN ENGLISH» элективті курстарды даярлаудың теориялық-әдіснамалық негіздері қарастырылған.
Ғылыми зерттеулерді өткізу үшін база ретінде Түркістан облысы, Түркістан қаласындағы «№28 мектеп лицей» 9 сыныптары таңдап алынып, зерттеу өткізілді. Ғылыми- педагогикалық әдіс ретінде: теориялық және эмпирикалық әдістері, сауалнама әдісі, проблемалы оқыту әдісі, бақылау әдісі қолданылды.
Бұл зерттеу үшін мұғалімдерді де оқушыларда оқу – тәрбиелік зерттеулерге алдын-ала дайындау қажет. Ал ең бастысы мектепте шығармашылық ізденіс атмосферасы болған жағдайда тиімді жүзеге асырылатын оқушының жаңа білім алуға, іскерлік пен дағдыны меңгеруге бағытталған шығармашылық ic-әрекетке араласуына жағдай жасай білу керек. Педагогикалық эксперимент барысында физикадан жалпы негізгі және толық орта білім берудің қолданыстағы стандарттарына сәйкес тақырыптық кешендер бойынша құрылымдалған э тапсырмалар сынақтан өткізілді. Физикадан негізгі жалпы білім беруге арналған эксперименттік тапсырмалар кешендері келесі тараулар шеңберінде біріктірілген: «Физика және табиғатты зерттеудің физикалық әдістері», «Механикалық құбылыстар», «Жылу құбылыстары», «Электромагниттік құбылыстар». Физикадан орта (толық) жалпы білім беруге арналған тапсырмалар кешендері келесі бөлімдер шеңберінде біріктірілген: «Механика», «Молекулалық физика», «Электродинамика».
Зерттеу негізінде мектеп физика курсында физиканы оқытуда инновоциялық технологияларды ерекшеліктерін, зерттеуші қабілетін қалыптастыруда инновоциялық технологияларды қолданудың дидактикалық шарттарын және инновоциялық технологиялар негізінде оқытудың мазмұнын айқындадық.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.