Асимметриялық шифрлау - ақпараттық қауіпсіздік
Keywords:
шифрлау, ассиметриялық алгоритмдер, ақпараттық қауіпсіздік, криптоберіктілікAbstract
Қазіргі дамыған әлемде ақпараттық қауіпсіздік ақпараттың сенімділігі мен қорғалуын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Цифрлық технологиялардың дамуымен және цифрлық деректердің көбеюімен ақпарат қауіпсіздігі өзекті мәселеге айналуда. Бұл тек мемлекеттік және корпоративтік жүйелерге ғана емес, сонымен қатар біздің күнделікті өмірімізге де қатысты, өйткені біз сандық құрылғылар мен қызметтерге тәуелді бола бастадық. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы негізгі сын-қатерлердің бірі-кибершабуылдар қаупі. Киберқылмыскерлер компьютерлік жүйелерді басып алу, құпия ақпаратты ұрлау және зиян келтіру үшін әртүрлі әдістер мен технологияларды белсенді қолданады. Осындай шабуылдар мен түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу үшін бүгінгі күні көптеген әдістер мен тәсілдер қолданылады. Соны бірі және бірегейі «шифрлау» арқылы қорғаныс жүйесін ұйымдастыру. Яғни, ұсынылып отырған мақаланың басты мақсаты -қазіргі әлемде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі асимметриялық шифрлаудың рөлін қарастыру. Біз асимметриялық шифрлардың негізгі принциптерін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, сондай-ақ өмірдің әртүрлі салаларында қолдану мысалдарын қарастырамыз.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.