Адам құқықтары мен бостандықтарының халықаралық-құқықтық аспектілері

Authors

  • Ахмет Бергенгул Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты

Abstract

Адамдардың ажырамас құқықтарға ие екендігі туралы идея көптеген мәдениеттер мен ежелгі дәстүрлерден бастау алатындығы белгілі. Әлемдегі танымал ел билеушілер өмірінің адамзат тарихындағы маңызды заңдар жинақтарының мысалдары бізге адам құқықтарында орыныққан құндылықтарды батыстың да, 20-ғасырдың да ойлап таппағанын көрсетіп берді.

Бұған ежелгі әлем тарихындағы негізгі үш мысалды дәлел ретінде келтіре аламыз:

  • Вавилондағы Хаммурапи заңдарының жинағы (б.д.д. 2000 ж.) осы мемлекет патшасы бекіткен ең алғашқы жазбаша заңдар кодексі болған. Онда «патшалықта әділ билік жүргізілсін, жауыздар және қатыгездер жойылсын, күштілердің әлсіздерді тықсыруына жол берілмесін, ... ел сауаттандырылсын және халықты жақсы тұрмысқа қол жеткізуіне қолдау жасалсын» деген анттар бар;
  • Ежелгі Мысыр перғауыны (шамамен б.д.д. 2000ж.) қарамағындағыларға: «Жоғарғы немесе Төменгі Нілден сұраушы келгенде, барлығы заңға сәйкес атқарылсын, дәстүр сақталсын және әр адамның құқығы құрметтелсін» деген;
  • Парсы патшасы өзінің патшалығындағы халыққа арнап жасаған Кир Хартиясы (шамамен б.з.д. 570ж.) бостандық құқығын, қауіпсіздік құқығын, еркін жүріп-тұру құқығын, сондай ақ, кейбір әлеуметтік және экономикалық құқықтарды мойындаған.

Published

2024-08-05

How to Cite

Ахмет Бергенгул. (2024). Адам құқықтары мен бостандықтарының халықаралық-құқықтық аспектілері. Modern Scientific Method, (7). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSM/article/view/4033

Issue

Section

Legal Sciences