7-8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ДОМБЫРАДА ОЙНАУДЫ ҮЙРЕТУ
Abstract
Эстетикалық тәрбие – бұл оқушылардың өнерді түсіну, бағалау және өз өмірінде қолдану қабілеттерін дамытуға бағытталған үрдіс. Музыка, әсіресе ұлттық аспаптарда ойнау, жасөспірімдердің эмоциялық, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Қазақ халқының ұлттық аспабы – домбыра, ғасырлар бойы халықтың мәдени мұрасын жеткізуші құрал болып келеді.
7-8 сынып оқушылары үшін домбырада ойнауды үйрену олардың музыкалық қабілеттерін дамытып қана қоймай, эстетикалық талғамын қалыптастырады, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырады. Сонымен қатар, домбыра тарту арқылы балалар орындаушылық шеберлікті игеріп, музыкалық интерпретацияның қыр-сырын меңгереді.
Бұл мақалада 7-8 сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесі мен музыкалық қабілеттерін дамыту үрдісінде домбыра ойнауды үйренудің маңыздылығы, оның оқушыларға тигізетін әсері және музыкалық интерпретация мен орындаушылық шеберлікті қалыптастыру жолдары қарастырылады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.