ҚЫТАЙ МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ӘРЕКЕТТЕСТІГІ

Authors

  • И.К.Түзелбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • Мухажанова Т.Н. доцент

Abstract

            Мақала аясында Қытай мен Орталық Азияның өңірдегі қауіпсіздікті сақтау саласындағы  қарым-қатынасына тарихнамалық шолу жасалынды. Осы мақсатта ғылыми зерттеу жұмысында мақала тақырыбы бойынша еуропалық, ресейлік және отандық зерттеушілердің еңбектері талданды. Ресейлік авторлар қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесінің дамуындағы Қытайдың рөліне, Қытай мен Ресейдің Орталық Азиядағы ықпал ету аймақтарын кеңейту мақсатындағы талас-тартысына, Қытайдың Орталық Азияға қатысты сыртқы саясатына көп көңіл бөледі. Еуропалық  зерттеушілердің ішінде ағылшын, француз, поляк және неміс ғалымдарының еңбектерін айрықша атап өткен жөн. Бұл мәселені зерттеген еуропалық ғалымдар Қытай мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастың әртүрлі салаларына, атап айтқанда, экономикалық, энергетикалық қауіпсіздік саласына және Орталық Азияның әлемдік геосаясаттағы рөліне кеңірек тоқталған. Орталық Азия зерттеушілері өңірлік даулы мәселерді шешуде  және бүгінгі таңдағы әлемдік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықта көрінетін қауіпсіздік пен стратегиялық мүдделердегі өзгерістерді талдауға баса назар аударады.

Published

2025-03-03

How to Cite

И.К.Түзелбаева, & Мухажанова Т.Н. (2025). ҚЫТАЙ МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ӘРЕКЕТТЕСТІГІ. Modern Scientific Method, (9). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSM/article/view/5417

Issue

Section

Historical Sciences