Жасөспірімнің тұлғалық өсуі: агрессияны ресурска айналдыру (8-9 сыныптар) (Авторлық бағдарламаны тәжірибеде қолдану және зерттеу нәтижелері)

Authors

  • Оралбек Манар Тұрарқызы Түркістан облысы білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, Педагог-психолог

Keywords:

агрессия, жасөспірім психологиясы, тұлғалық өсу, эмоционалдық интеллект, өзін-өзі реттеу, ресурстық күй, ынтымақтастық, конфликт менеджменті

Abstract

Бұл мақалада жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқын конструктивті бағытқа бұру, агрессияны тұлғалық дамудың ішкі ресурсына айналдыру мәселелері қарастырылады. Авторлық бағдарлама 8-9-сынып оқушыларының эмоционалдық өзін-өзі реттеуін, әлеуметтік дағдыларын, стресске қарсы тұру қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Мақалада бағдарлама мазмұны, қолданылған технологиялар, нақты сабақ үлгілері, зерттеу нәтижелері мен тиімділікті арттыруға ұсыныстар берілген. Зерттеу барысында оқушылардың агрессия деңгейі мен эмоционалдық құзыреттілігін бағалау үшін диагностикалық әдістемелер кешені қолданылды. Бағдарлама нәтижелері агрессияны басқару дағдыларының айтарлықтай жақсарғанын және оқушылардың қарым-қатынастағы сенімділігінің артқанын көрсетті. Бұл материал мұғалімдерге, психологтарға және тәрбие жұмысын ұйымдастыратын мамандарға практикалық көмек бола алады

Published

2026-01-19

How to Cite

Оралбек Манар Тұрарқызы. (2026). Жасөспірімнің тұлғалық өсуі: агрессияны ресурска айналдыру (8-9 сыныптар) (Авторлық бағдарламаны тәжірибеде қолдану және зерттеу нәтижелері). Modern Scientific Method, (12). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSM/article/view/7636

Issue

Section

Psychological Sciences