Жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен тиімділігі

Authors

  • Сандыбай Аружан магистрант, Абай атындағы ҚазҰПУ
  • Ардақ Калимолдаева аға оқытушы, педагогика ғылымдарының докторы

Keywords:

кәсіпкерлік дағдылар, жоғары сынып оқушылары, педагогикалық шарттар, кәсіпкерлік білім беру, тиімділік, құзыреттілік

Abstract

Мақала жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен олардың білім беру үдерісіндегі тиімділігін талдауға арналған. Зерттеудің өзектілігі қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, еңбек нарығы талаптарының жаңаруы және жастардың кәсіпкерлік ойлауын ерте жастан қалыптастыру қажеттілігімен айқындалады. Жұмыста кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастырудың негізгі педагогикалық шарттары: мазмұндық, ұйымдастырушылық-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық аспектілер қарастырылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлікке бағытталған білім беру бағдарламалары, жобалық және тәжірибеге негізделген оқыту, мектеп пен әлеуметтік серіктестер арасындағы өзара әрекеттестік механизмдерінің тиімділігі талданады. Зерттеу нәтижелері жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік құзыреттілігін дамытуда педагогикалық шарттарды кешенді түрде іске асырудың маңыздылығын көрсетеді

Published

2026-01-19

How to Cite

Сандыбай Аружан, & Ардақ Калимолдаева. (2026). Жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен тиімділігі. Modern Scientific Method, (12). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSM/article/view/7648

Issue

Section

Pedagogical Sciences