Түркі мемлекеттері ұйымының өңірлік және халықаралық саясаттағы рөлі
Abstract
Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) өзінің құрылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейін айтарлықтай эволюциялық жолдан өтіп, бастапқыда тек мәдени-гуманитарлық сипаттағы алаңнан көпсалалы, стратегиялық ынтымақтастық платформасына айналды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, бүгінде ТМҰ «стратегиялық ынтымақтастық платформасына» айналды [1]. Бұл ұйымның халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлінің арта түскенін, оның өңірлік тұрақтылық пен жаһандық саясаттағы маңызының күшейгенін көрсетеді. Қазіргі геосаяси жағдайда ТМҰ Еуразия кеңістігіндегі жаңа күш орталығы ретінде қалыптасып, оның мүше мемлекеттері халықаралық аренада біртұтас ұстаным ұстануға ұмтылуда. Бұл тарауда ТМҰ-ның өңірлік саясаттағы рөлі, оның халықаралық ұйымдармен және жаһандық ойыншылармен қарым-қатынасы, сондай-ақ ұйымның әлемдік саясаттағы орны жан-жақты талданады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.