ЖАС БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ АКТ-ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ЕНГІЗУ

Authors

  • Яхьяев Нурсултан Мухитович Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, 7М01509 – Информатика мамандығының магистранты
  • Бримжанова С.С. философия PhD докторы, физика, математика және цифрлық технологиялар кафедрасының ассистент-профессоры, Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты

Keywords:

жасанды интеллект, АКТ-құзыреттілік, цифрлық технологиялар, мұғалімдерді даярлау, адаптивті оқыту, деректерді талдау, білім берудегі инновациялар, оқытуды жекелеу, бағалауды автоматтандыру, педагогикалық білім беру, ЮНЕСКО құзыреттілік шеңбері

Abstract

Бұл мақалада болашақ педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) құзыреттіліктерін арттыру мақсатында педагогикалық білім беру бағдарламаларына жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізудің ғылыми негіздері мен практикалық аспектілері кешенді түрде қарастырылады. АКТ-құзыреттілік мұғалімнің кәсіби қызметінде цифрлық құралдарды тиімді пайдалана білу қабілеті ретінде анықталса, ЖИ технологиялары оны жаңа сапалық деңгейге көтерудің маңызды құралы болып табылады. Зерттеу барысында ЖИ-дің білім беру процесіне ықпалы, оқытуды жекелеу, бағалауды автоматтандыру, оқу материалдарын әзірлеу және оқу жетістіктерін талдау сияқты бағыттардағы рөлі талданды. Сонымен қатар халықаралық тәжірибе (ЮНЕСКО, АҚШ, Финляндия, Сингапур, Қытай) мен Қазақстан Республикасының жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы (2024–2029) контекстінде ЖИ технологияларын мұғалімдерді даярлау жүйесіне интеграциялау мүмкіндіктері айқындалды. Мақалада ЖИ-ді білім беру бағдарламаларына енгізудің артықшылықтарымен қатар оның этикалық, әдіснамалық және құқықтық мәселелері де қарастырылды. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, педагогикалық жоғары оқу орындарына ЖИ технологияларын оқу процесіне кіріктіру бойынша нақты ұсыныстар берілді. Бұл шаралар болашақ мұғалімдердің технологиялық құзыреттілігін арттырып, олардың цифрлық ортада тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді

Published

2026-05-04

How to Cite

Яхьяев Нурсултан Мухитович, & Бримжанова С.С. (2026). ЖАС БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ АКТ-ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ЕНГІЗУ. Modern Scientific Method, (13). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSM/article/view/8526

Issue

Section

Pedagogical Sciences