Жүсіпбек Аймауытов очерктеріндегі адам психологиясындағы жаңалық

Authors

  • Мажитова Лаззат Кабдировна аға оқытушы: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті. Атырау, Қазақстан

Abstract

ХХ ғасыр адамзат тарихының бетінде қазақ ұлты үшін алмағайып кезең болып есте қалды. Ғасыр басында Ресей империясының қоластында тұрған халық үшін, әсіресе ұлттың қамын ғана ойлауды мұрат тұтқан зиялылар үшін империядағы саяси толқындар, отарлау озбырлықтары, бірінші жер-жиһан соғысы және т.с.с. өзгерістер бейтарап құбылыс болып қалмағаны белгілі.

Киіз туырлықты, алаш ұранды қазақ ұлтының ел мүддесін өз басынан биік қойған, «қайткенде Алаш көркейер деген ойдан басқа ойды өмірінде малданбаған» (Сұлтанмахмұт) қайраткерлері - Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді азаматтардың қадірі ғасырдан ғасыр өткен сайын арта бермек. Бұлардың сол кезеңдегі зор қызметі өз заманының тасқа түскен тарихы – ғасыр басындағы іргелі басылым «Қазақ» газетінде айқын көрінді. Оянған ойдың бетін түзеп, жолға салып, ілгерілеуіне қамшы болған «Қазақ» газетінің үлгісін көрген Жүсіпбек Аймауытов да ұлт болашағын ойлап, алаштың рухани жүгін көтеріп, мәдениетінде аса мол қазына қалдырған қазақ зиялыларының қатарынан орын алады. Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды.

Published

2023-02-27

How to Cite

Мажитова Лаззат Кабдировна. (2023). Жүсіпбек Аймауытов очерктеріндегі адам психологиясындағы жаңалық. Modern Scientific Method, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/MSM/article/view/878

Issue

Section

Psychological Sciences