ШЫҒЫС АРАЛ МАҢЫНЫҢ ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАҒАН ТОПЫРАҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
Keywords:
топырақ-экологиялық функция, құмдақ, құмбалшықты сұр-құба топырақтар, шалғынды-батпақты және шалғынды-батпақты кепкен сор топырақтар, гумус, тұздануAbstract
Қаратереңнің және соның маңындағы аумақтардың топырақтарын зерттеу үрдісінде қуаңшылық салдарынан өзгеріске ұшыраған топырақтардың топырақ-экологиялық функцияларын қалпына келтіру бойынша фитомелиоративтік іс шаралар үшін жарамды құмдақ, құмбалшықты сұр-құба топырақтар; шалғынды-батпақты және шалғынды-батпақты кепкен сор топырақтар анықталды. Барлық зерттелген топырақтар гумустың аздығымен, қарашірінді қабатының қалыңдығының аздығымен, қоректік элементтердің мөлшерінің төмендігімен өзгешеленеді. Жоғарғы қабаттардағы жалпы гумустың мөлшері 0,17—дан 0,72%-ға дейін ауытқиды да, төменгі қабаттарға қарай біртіндеп төмендейді. Топырақтар қандай да бір дәрежеде тұзсызданған және сортаң топырақтар болып табылады. Тұздану типі хлоридті-сульфатты және кальцийлі-натрийлі.