КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Authors

  • Жусипбаев Мендигани Тилектесович магистр – оқытушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы, Қазақстан Республикасы
  • Сайлау Дина 6В02124- Хореография мамандығының 4 курс студенті

Abstract

Бүгінгі таңда қоғамдағы «Тәрбиенің мақсаты-жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру қажет»-деп көрсетеді. Осыған байланысты біз кіші мектеп жасындағы оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелерінің мәнін ашу үшін «жеке тұлға» деген ұғымға түсініктеме анықтама беруге болады. «Жеке тұлға» ұғымы психологтардың көзқарасы бойынша, жеке организм-жеке адам тұлғасы. Бұл саналы іс-әрекет обьектісі. Тұрақты және әлеуметтік маңызды қасиеттерге байланысты, жеке адам-қоғам мен ұлттың бірлескен мүшесі, жеке тұлға өзіндік сана мен қоғамдық сананың пайда болуына байланысты қалыптасады. Жеке тұлға ретінде жеке адам немесе организмнің барлық психологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Жеке тұлға-бір жағынан интеграциялық ұйым. Оның бойында танымдық, аффектілік, тұлғалық сипатын көрсететін қасиеттер сақталған. Оның басқа адамдардан айырмашылығы да сонда. Күнделікті тіршілікте жеке тұлғаның әртүрлі қасиеттері ашыла түседі.

Психологияда жеке тұлға туралы көптеген психологтардың пікірлері бар. Олардың әрқайсысы жеке тұлға туралы әртүрлі анықтама береді. Адамның жеке тұлға диагностикасын қолайлы жағдай туғызу мен қалыптастыруға ең тиімді жолдар іздеуде, оның құрылысын зерттеуде, пайда болу заңдылықтарын білуді қажет етеді. Жеке тұлға теориясы-адам бойында қалыптасқан ойлар мен гипотезалар жиынтығы. Жеке тұлға теориясын зерттеу көптеген жаңа ойларға қол жеткізеді. Бізге қызығушылық туғызатын бастапқы: адам табиғаты. Біздің мақсатымыз-адам бойындағы қалыптасқан қасиеттерді зерттеу. Жеке тұлға теориясы-негізгі екі функцияны атқарады: олар мінез-құлықты түсіндіреді және алдын ала болжайды. Жеке тұлға теориясы адамның жеке басындағы мінез-құлықты зерттеп, қалыптасқан жүйесіне түсініктеме береді. Ол адамның мінезінің сан қырлы ерекшеліктерін түсіндіреді. Жеке тұлға теориясы-адамның күнделікті тыныс-тіршілігін түсіндіре алады. Жеке тұлғаның өзара қарым-қатынасы-олардың болашағына, көзқарасының дамуына, алдын-ала болжам жасайды [1].

Published

2023-04-16

How to Cite

Жусипбаев Мендигани Тилектесович, & Сайлау Дина. (2023). КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Progress in Science, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/PS/article/view/1233

Issue

Section

Pedagogical Sciences