ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ИСЛАМ

Authors

  • М.Шуршитбай Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының сениор-лекторы
  • А.А.Дакенова Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Дінтану-философия мамандығының 3-курс студенті

Abstract

Қазақ халқы ежелден әдет - ғұрып , салт- дәстүрді берік ұстанған ел. Бала тәрбиесінде де ұлттық құндылықтарды сіңірген ата - бабаларымыз бала дүниеге келгеннен бастап ұлттық тәрбие беру арқылы болашақ ұрпақты тәрбиелеген. Балаға ұлттық тәрбие беретін бірнеше дәстүрлерді атап өтейік.

Бесік жыры – ұлттық өнеге, дəстүр, бала тəрбиесінің бастауы. Баламен ана арасында сүт арқылы байланыс орнағандай, бесік жыры дəл солай ана мен баланы байланыстырады. Бесікте жатқаннан сəби анасының əуезді əні арқылы тəрбиені құлаққа сіңіреді. Əуезді əн астарында ізгі тілек, баласына деген сенім, ниет, ана дауысымен балаға жетеді. Бауыржан Момышұлы атамыз тағы бір сөзінде: «Менің үш қорқынышым бар. Біріншісі – бесік жырын айта алмайтын келіндердің көбеюінен, екіншісі – немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын əжелердің көбеюінен, үшіншісі – салт-дəстүрін сыйламайтын ұрпақтың көбеюінен қорқамын» деген. Өкінішке орай, қазіргі таңда бесік жырын айту үрдісі қалып бара жатыр. Көп аналар бесік жырында үлкен тəрбие жатқанына мəн бермейді. Оның орнына мəн-мағынасы жоқ əн тыңдауға құмар.

Шілдехана — нәрестенің дүниеге келу құрметіне арналған той, қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлердің бірі, баланың дүниеге келгендегі алғашқы тойы. Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да баруға болады. Қонақтар «Перзентіңнің (ұлыңның немесе қызыңның) бауы берік болсын!» деген тілек айтады.

Published

2023-04-16

How to Cite

М.Шуршитбай, & А.А.Дакенова. (2023). ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ИСЛАМ. Progress in Science, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/PS/article/view/1236

Issue

Section

Philosophical Sciences