АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ САНДУҒАШ

Authors

  • ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ САНДУҒАШ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты
  • Ахметова Н.З. э.ғ.к.

Keywords:

жер ресурстары, геоақпараттық жүйелер, жер қоры мен жер санаттары, топырақ жамылғысы, аyыл шaрyaшылық жeрлeр, елдi мeкeндeрдiң жeрi, ерeкшe қoрғaлaтын тaбиғи ayмaқтaрдың жeрi, ормaн және су қoрының жeрi, бocaлқы жeрлeр

Abstract

Жер ресурстарын ұтымды пайдалану, ең алдымен ауыл шаруашылығына қатысты жер қатынастарын реттеу – ауыл шаруашылығының мәселелерінің бірі. Оның шешімі ауыл шаруашылығының айналымына жерлерді максималды тартуды, өнімдік танаптарды кеңейтуді, оларды пайдалану қарқындылығын және егіншілік мәдениетенуін арттыруды, топырақ эрозиясымен және басқа да зиянды үрдістермен белсенді күресуге байланысты. Осыған байланысты Қазақстандағы жер қатынастары - өте қызықты және өзекті мәселе. Жұмыстың зерттеу нәтижесінде Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы зерттеу территориясындағы жер қорының көлемдері есептеліп, тақырыптық картасын жасақтап, ұсынылған ГАЖ технологияларын қолдану арқылы сандық карталар құрастыру әдістемесіне сәйкес, әрбір картаға түсіндірме жазбалар әзірленіп ГАЖ – технологияларды пайдалана отырып цифрлық карталар құрастырылды.

ХХ ғасырдың соңына қарай әлем халқының саны 6 млрд адамға жетті. Азық-түлік өнімдерін өсіру қажеттілігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды, оның ішінде жер ресурстары үшін үлкен шиеленіс тудырады. Көптеген аймақтарда кедейшілік пен азық-түліктің жеткіліксіздігі созылмалы мәселеге айналды. Негізгі қауіп-қатердің бірі – ауыл шаруашылық және экологиялық ресурстардың жойылуы мен тозуы.

Published

2023-04-16

How to Cite

ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ САНДУҒАШ, & Ахметова Н.З. (2023). АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ САНДУҒАШ. Progress in Science, (2). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/PS/article/view/1264

Issue

Section

Technical Sciences