БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
Abstract
Әлемде, елімізде, қоғамда болып жатқан өзгерістер, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасың, 2020-2025 жылдар арасындағы кешенді тәрбие бағдарламасын іске асыру қазіргі заманғы болашақ музыка мұғалімге жаңа талаптар қояды. Қазіргі заманғы болашақ музыка мұғалім қандай болуы керек?
Әлбетте, бұл сұраққа бірден жауап беру қиын. Әйтсе де, талаптанып көрейік. Біздегенше, ұйымдастырушылық - коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін жағдайлар жасап, окушылардың бойында білімді шығармашылыкпен қабылдауға ұмтылысты дамыта алатын, оларды дербес ойлауға, материалды зерделеу барысында өзіне қоятын сұрақтарды, дербес тұжырымдауға үйрететін, олардың қажеттіліктерін толығырақ іске асыратын, пәндерді зерделеуге ынтасын арттыратын, олардың жеке бейімдіктері мен дарын нышандарын ұштай алатын, ынталандыра алатын адам.
Бүгінгі болашақ ұстаз үнемі ізденіс үстінде, сондай-ақ ол "мектеп оқушыларын не нәрсеге оқыту керек?" деген көкейкесті проблемалық сұраққа жауап іздейді. Өз ісіне деген сүйіспеншілікті шәкірттерге деген сүйіспеншілікпен ұштастырады, балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге өз шәкірттерінен де оқып-үйрене алады. Әрбір баланың жан түкпірінде жатқан ең тәуір сапаларды анықтауға, балаларды көтермелеуге тиіс. Сонда ғана олар мектепті бітіргеннен кейін өздерінің қоғамдағы орнын анық сезініп, оның игілігі үшін жұмыс істей алады, қоғамымыздың ағымдағы және келешектегі міндеттерін шешуге қатысуға тастүйін дайын болады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.