О. ДОСБОСЫНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Abstract
Айтыс – тамыры тереңнен нәр алған, заман озған сайын жасарып, ұлтпен бірге түлеп келе жатқан жасампаз өнердің бірегей түрі. Ақындар айтысының дамуы да халықтың тарихымен тікелей астасып жатыр. Бастауын фольклордан алатын асыл өнер қазіргі таңда жаңаша сипатқа ие болып дамып келеді. «Айтыс сөздерінің молдығы мен көп жайылғандығына қарасақ, қазақ елі ақындық теңізі сияқты көрінеді. Өзге жұрттың әдебиет тарихын өлең түріне бөлгенде, айтыс өлеңі деген бөлім, не жоқ болады, не болмаса өте аз кездеседі» деп М. Әуезов айтқандай, қазақтың айтыс өнері – өзіне ғана тән ұлттық құндылық [1, 173]. Ауыз әдебиетінен нәр алған кейінгі айтыс ақындары әрқайсысы өз заманында айтыстың қалыптасқан дәстүрін ұстана отырып, жаңашылдық енгізіп отырды. Ғасырдан жеткен мұраны тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қарқынды дамыды деп айта аламыз. Сол кезеңнің белді өкілі – Оразалы Досбосынов.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.