ҚАЗІРГІ ФРАНЦУЗ ӘДЕБИЕТТАНУ МЕКТЕБІНІҢ ӨКІЛДЕРІ

Authors

  • Машақова Айнұр Қасымжановна М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, филология ғылымдарының кандидаты, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Abstract

Леон Робель мен Реми Дор қазіргі француз әдебиеттану мектебінің белсенді өкілдері деуге болады. Олар қазақ әдебиетін зерттеумен айналысады.   

Француз әдебиеттанушысы, аудармашы, ақын Леон Робельді қазақ әдебиетін белсенді француз зерттеушілерінің бірі деуге болады. Леон Робель Сорбоннада (Париж) классикалық филология мен орыс тілін оқыды. 1952-1959 жылдары француз лицейлерінде орыс тілінен сабақ берді. Содан кейін ұзақ жылдар бойы Ұлттық Шығыс тілдері мен өркениеттері институтында сабақ берді, салыстырмалы поэтика ғылыми орталығының директоры, Луи Арагон мұрағатының орыс тілі бөлімінің меңгерушісі болды.

Осы жылдар ішінде Леон Робель Сорбонна университетінің, Славянтану институтының, Халықаралық славяндар комитетінің поэтика және стилистика халықаралық комиссиясының ғылыми кеңестерінің мүшесі болды; ЮНЕСКО-ның славян бағдарламасы бойынша сарапшысы, Славян мәдениеттерін зерттеу және тарату халықаралық қауымдастығының хатшысы  және «Салыстырмалы поэтика бойынша дәптер» журналдарының редакциялық алқасының мүшесі болды.

Published

2024-06-10

How to Cite

Машақова Айнұр Қасымжановна. (2024). ҚАЗІРГІ ФРАНЦУЗ ӘДЕБИЕТТАНУ МЕКТЕБІНІҢ ӨКІЛДЕРІ. Progress in Science, (6). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/PS/article/view/3844

Issue

Section

Philological Sciences