ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕЙТІН ЗИЯТКЕРЛІК ОҚЫТУ ОРТАСЫН ДАМЫТУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

Authors

  • Алдабергенова Айгуль Оналбековна педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ, Талдықорған қаласы, Қазақстан
  • Муканова Асель Есеевна 7М01510 «Сандық педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс магистранты, «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ, Талдықорған қаласы, Қазақстан

Abstract

Бұл мақалада жоғары білім беру жүйесінде өзін-өзі реттейтін зияткерлік оқыту ортасын дамыту мен бағалаудың жаңа моделі ұсынылған. Модель студенттердің өзін-өзі реттеу қабілеттерін дамытуға, олардың танымдық және зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған. Зерттеуде зияткерлік оқыту ортасның теориялық негіздері, оның құрылымдық элементтері, сондай-ақ тиімділікті бағалау әдістері қарастырылады.

Модельдің негізгі құрамдас бөліктері – мазмұндық, технологиялық, ұйымдастырушылық және бағалау компоненттері – студенттердің жеке оқу траекторияларын жоспарлау мен жүзеге асыруға ықпал етеді. Цифрлық және педагогикалық құралдардың үйлесімді қолданылуы арқылы модель білім беру процесінің сапасын арттырып, логикалық және аналитикалық ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелері зияткерлік оқыту ортасының студенттердің дербес білім алу және өзін-өзі дамыту қабілеттерін жетілдіруге айтарлықтай әсер ететінін көрсетті. Мақала жоғары білім беру жүйесінде инновациялық оқыту тәсілдерін енгізу мен қолдану үшін практикалық ұсынымдар береді.

Published

2025-01-06

How to Cite

Алдабергенова Айгуль Оналбековна, & Муканова Асель Есеевна. (2025). ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕЙТІН ЗИЯТКЕРЛІК ОҚЫТУ ОРТАСЫН ДАМЫТУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ. Progress in Science, (8). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/PS/article/view/5049

Issue

Section

Pedagogical Sciences