ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЭТИОЛОГИЯЛЫҚ МИФТЕРДІҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ

Authors

  • Сұлтанғалиева Рита Бекжанқызы филология ғылымдарының кандидаты,М.Өтемісов атындағы БҚУ қауымдастырылған профессоры, Қазақстан, Орал
  • Метенова Зарина Руслановна М.Өтемісов атындағы БҚУ 2-курс магистранты, Қазақстан, Орал

Keywords:

фольклор, миф, этиология, мифема, мифтік образдар, реминисценция, әдеби көркемдік әдістер, мифологиялық құрылым

Abstract

Қазіргі қазақ прозасындағы миф –  бұл өте таңғажайып сан қырлы құбылыс. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасындағы мифтің әр түрлі мағынада қолданылуы оқырманда қызығушылық туғызады. Бұл авторлардың әр түрлі әдеби бағытқа қатысын мифте берілген идеяларды көрсету үшін негізгі мифемаларды таңдауда қалай берілетінін анықтауға мүмкіндік береді. Мифтерді қолдана отырып, автор, бірнеше дәстүрмен диалогқа түседі, екіншіден белгілі мифологиялық сюжетті қайта түсіндіреді, өз образын жасайды, соның нәтижесінде баяндауды мифтендіру іске асады. Бұл ғылыми мақалада фольклорлық мифтердің, соның ішінде мифтің этиологиялық түрінің қазіргі қазақ прозасында қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасалып, олардың көркемдік қызметі айқындалады. Қазақ прозасындағы мифологиялық дәстүрлер мен жаңа әдеби тенденциялардың өзара байланысы қарастырылады. Шынайы өмірді тұрақты мифологиялық модельдер мен образдар арқылы берудегі мифтің этиологиялық түрінің көркемдік қызметі анықталады

Published

2025-04-21

How to Cite

Сұлтанғалиева Рита Бекжанқызы, & Метенова Зарина Руслановна. (2025). ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЭТИОЛОГИЯЛЫҚ МИФТЕРДІҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ. Progress in Science, (9). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/PS/article/view/5831

Issue

Section

Philological Sciences