Тәңіршілдіктің тарихи бастаулары
Abstract
Қазіргі жаһандық өзгерістер орын алған тұста мемлекетті біріктіруші фактор ретінде діннің маңыздылығы артып отыр. Ресей мен Украина қақтығысы, өз еліміздегі Қаңтар оқиғасы, Израиль мен Палестинаның үздіксіз бірнеше жылға ұласқан соғысы, одан ертеректе әлем назарын дүр сілкіндірген 2001 жылғы АҚШ-тағы лаңкестік оқиғалар мемлекеттер дамуында діннің біріктіруші фактор болуымен қатар, кімнің қолында шоғырлануына байланысты дезинтеграциялық фактор да бола алатындығын айқындай түседі.
Осы тұрғыдан алғанда ұсынылған ғылыми мақаланың өзектілігінің маңыздылығы даусыз.
Қазіргі Қазақстанның дамуына көз салар болсақ, зайырлы мемлекет ретінде бір шаңырақ астында түрлі ұлт өкілдері әр алуан діндері және тілдерімен бейбіт өмір сүріп келе жатқандығына куә боламыз. Дәл солай Қазақстандағы дәстүрлі ісләм діні де ежелден келе жатқан діни наным-сенімдер, тәңіршілдік, шамандық басқа да дәстүрлерді өз бойына сіңіріп, синкретизмге ұшыраған. Осындай ерекшелігімен дініміз қаншама уақыт бойы ата-баба дәстүрімен саяси тұрақтылықтың негізіне айналып келді. Оның маңыздылығы әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпады. Алға қадам баспас бұрын, өткенге назар аударсақ қана қадамымыз нық болады. Сондықтан да қазіргі қазақ ісләмінің тарихи бастауларын талдап, ұғыну мәселесі отандық тарихнама үшін аса қажет.
Published
How to Cite
Issue
Section
License
Copyright (c) 2025 Progress in Science

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.