ТАРАЗ ФОСФОР ЗАУЫТЫНЫҢ ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫНЫҢ ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫНА ӘСЕРІ
Keywords:
өсімдік, ауыр металдар, Zn, Cd, Cu, басым ластаушылар, мониторинг, биоремидацияAbstract
Мақалада Тараз фосфор зауытының шығарындыларының топырақ және өсімдіктерге әсері жайлы баяндалады. Желдің бағыты шығарындылардың таралуында негізгі рөл атқарады. Зауыттан желдің негізгі бағытында орналасқан аймақтар барынша ластануға ұшырайды. Шығарындылардың тығыздығы арақашықтықтың ұлғаюымен төмендейді, алайда жиі штильдері бар немесе географиялық кедергілері бар аймақтарда зиянды заттардың жергілікті жиналуы мүмкін. Жоңышқа, жүгері, күздік бидай, түйетікен, жусан және дәнді дақылдар сияқты өсімдіктердің жерасты және жерүсті бөліктерінде ауыр металдардың (Zn, Cu, Cd, Pb) ШРШ артуы қоршаған ортаның едәуір ластанғанын куәландырады. Өсімдіктердегі Zn мен Cu – қауіпті деңгейден төмен, яғни қауіпсіз. Cd мен Pb – ШРК-дан бірнеше есе артық, әсіресе: Cd - Батыс бағытта; Pb - барлық бағыттарда, әсіресе Шығыс және Оңтүстік бағыттарда бұл аймақтарда топырақ пен өсімдік құрамындағы ауыр металдарға мониторинг пен биоремедиация шараларын қолдану қажет.
Published
How to Cite
Issue
Section
License
Copyright (c) 2025 Progress in Science

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.