БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЭВРИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ
Keywords:
Эвристикалық оқыту, биологиялық білім беру, эврика, модельдеу, генетикалық есеп, инновациялық оқыту, конструктивті әдіс, әңгімелесуAbstract
Бұл мақалада биология сабағында эвристикалық әдіс арқылы орта мектептің оқушыларының білімін жетілдіру туралы зерттеу жұмыстары қарастырылған.
“125 International School of Turkistan” мектебінің 1-сынып оқушыларына эвристикалық әдісті және бақылау әдісін қолдана отырып, биология сабағындағы генетикалық тұжырымдамалары сараланды және генетикалық есептерді шешуге дағдыландырылды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде генетикалық немесе кез-келген биологиялық есептерді эвристикалық әдіс арқылы шешу ең ыңғайлы әдіс болып табылды. Қазірргі цифрландыру заманында бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды даярлауда эвристикалық әдістің негізгі принциптері көрсетілді және оқушылардың әдісті дұрыс пайдалану мақсатында іс-тәжірибелік қабілеттерінің мүмкіндіктері қарастырылды. Зерттеу қызметін жүргізу барысында эвристикалық оқытудың 4 әдісі (бөліну техникасы, индуктивті әдіс, қысқарту әдісі, конструктивті әдіс)бар екендігі анықталды. Эвристикалық әдісті қолдануда мұғалімнің міндеті – биологиялық білім берудегі поцестерін және оқушыларды басқару бүкіл жүйеде дербес әрекеттері көрсетілді және эврика әдісінде оқушылар шығармашылық ойлауы мен қиялдың күшін қолдана отырып, олар қандай да бір логикаға негізделген қолайлы шешімдерді табуға бағытталды.
Мақалада Д. Пойаның генетикалық есептерді эвристикалық әдіс арқылы шешу мысалдарын ала отырып үлгілерге талдаулар жасалынды. Зерттеу жұмысына қатысқан оқушылар генетикалық есептерді эвристикалық әдіс арқылы шешуі қандай деңгейде түсінікті болғанын сауалнамадағы көрсеткіштерден байқай аламыз. Сауалнамадағы көрсеткіштеріне сай 72% - жоғары, 20% - орташа, 8% - төмен деңгейлері көрсетілді. Сондай-ақ, оқушыларға «Биологиялық білім беруде эвристикалық әдістің ықтимал салалары туралы оқушылардың пікірлері» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері бойынша, 25 оқушының ішінде 6 оқушы - сабақта, 2 оқушы - сыныптан тыс жұмыста, 4 оқушы – өзіндік жұмыстарда, 8 оқушы – ҰБТда деп белгіледі. Оқушылардың білімін эвристикалық әдіс арқылы жетілдіру ең тиімді процесс болады. Сауалнамадағы 25 оқушылардың ішінен сабақта 24%, сыныптан тыс жұмыста 8%, жобада 16% ,өзіндік жұмыстарда 20%,ҰБТда 8% қамтиды.
Оқушылардың білімінің сапалы болуына және эвристика тұжырымдамасының практикалық бөлігі эвристикалық әдісті қолдана отырып білімін жетілдіру тиімді болары анық.
Published
How to Cite
Issue
Section
License
Copyright (c) 2025 Progress in Science

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.