ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ МЕН ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ТӘЛІМДІК МҰРАСЫ
Keywords:
бала тәрбиесі, қазақ отбасы, ұлттық дәстүр, әже тәрбиесі, рухани құндылықтар, ұлттық педагогика, қазақ этнопедагогикасы, ұлттық құндылықAbstract
: Бұл мақалада қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің дәстүрлі ерекшеліктері қарастырылады. Баланың дүниеге келуінен бастап, оның әлеуметтік және рухани дамуы отбасындағы салт-дәстүр, ырым-жоралғылар мен әдет-ғұрыптар арқылы жүзеге асатыны көрсетіледі. Мақалада әсіресе әже тәрбиесінің рөлі, үлкенді сыйлау, амандасу әдебі, сөз өнері мен халық шығармашылығы арқылы ұлттық тәрбие беру мәселелері талданады. Зерттеуде қазақ халқының тәрбиелік тәжірибесі мен ұрпаққа берілетін рухани құндылықтары, сондай-ақ оларды қазіргі қоғамда сақтау мен қолдану мүмкіндіктері қарастырылған. Мақаланың нәтижесінде дәстүрлі тәрбие жүйесінің жеке тұлға мен қоғамның дамуына ықпалы, ұлттық құндылықтарды насихаттау маңызы айқындалады
Published
How to Cite
Issue
Section
License
Copyright (c) 2026 Progress in Science

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.