ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА
Abstract
Мақалада қоғам дамуының рухани негіздері, ұлттық бірегейлік және құндылықтар жүйесінің қалыптасу мәселелері қарастырылады. Автор адам факторының, рухани мәдениеттің және құндылықтардың қоғамның тұрақты дамуына әсерін талдайды. Сонымен қатар ұлттық идея, азаматтық бірегейлік және дәстүрлі құндылықтардың қазіргі Қазақстан қоғамындағы рөлі айқындалады. Ежелгі және классикалық философиядағы құндылықтар туралы көзқарастар (Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) талданып, олардың қазіргі қоғамдағы маңызы көрсетіледі. Мақалада рухани құндылықтардың қоғам бірлігін нығайтудағы, ұлттық сананы қалыптастырудағы және тұлғаның рухани дамуын қамтамасыз етудегі маңызы негізделеді. Зерттеу нәтижесінде дәстүрлі құндылықтарға сүйенген модернизация мен интеллектуалды ұлт қалыптастыру Қазақстан қоғамының болашақ дамуының маңызды бағыты екені анықталады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License
Copyright (c) 2026 Progress in Science

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.