ИНТЕГРАЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ТАҚЫРЫБЫН ОҚУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

Authors

  • Аскарова Гулбахра Хамдамовна студент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Шуакаев Марат Капашевич техника ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Keywords:

интеграл, анықталған интеграл, қолданбалы есептер, критериалды бағалау, қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, математика әдістемесі, жоғары сынып

Abstract

            Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың оқу жетістіктерін әділ әрі нақты бағалау мәселесі ерекше өзектілікке ие. Әсіресе жоғары сынып математика курсындағы күрделі бөлімдердің бірі болып саналатын «Интеграл және оның қолданылуы» тақырыбын меңгерту барысында оқушылардың білімін критериалды бағалау әдістерін тиімді қолдану қажеттілігі артып отыр.Интеграл ұғымы оқушылардың математикалық ойлауын дамытуда, функцияларды талдауда және геометриялық, физикалық есептерді шешуде маңызды рөл атқарады.[1] Алайда бұл тақырыптың күрделілігі оқушылардың оны меңгеру деңгейін дұрыс анықтауды талап етеді. Сондықтан критериалды бағалау жүйесі оқушының білімін нақты критерийлер арқылы өлшеуге, оқу мақсаттарына сәйкестігін бақылауға және білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Зерттеу барысында интеграл тақырыбын оқытуда қолданылатын критериалды бағалау тәсілдерінің әдістемелік негіздері қарастырылды. Мақалада қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың ерекшеліктері, бағалау критерийлері мен дескрипторларды құрастыру жолдары, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы бағалаудың рөлі талданды.Зерттеуде педагогикалық бақылау, салыстырмалы талдау, әдістемелік модельдеу және эксперимент нәтижелерін өңдеу әдістері қолданылды. Нәтижесінде интегралды оқыту барысында критериалды бағалау жүйесін жетілдіру оқушылардың білімін тереңдетуге және оқу мотивациясын арттыруға ықпал ететіні дәлелденді. [2]

Published

2026-03-09

How to Cite

Аскарова Гулбахра Хамдамовна, & Шуакаев Марат Капашевич. (2026). ИНТЕГРАЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ТАҚЫРЫБЫН ОҚУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ. Progress in Science, (12). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/PS/article/view/7990

Issue

Section

Pedagogical Sciences