5–6 СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ТИІМДІ ОҚЫТУ ҮШІН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Authors

  • Баймурзаева Диана Талгатовна студент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Шуакаев Марат Капашевич техника ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Keywords:

цифрлық технология, математика, 5–6 сынып, оқыту әдістемесі, интерактивті оқыту, электронды ресурс, математикалық сауаттылық, білім беру үдерісі

Abstract

Қазіргі білім беру кеңістігінде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мектеп математикасын оқытудың сапасын арттырудың маңызды факторы болып табылады. Әсіресе 5–6 сыныптарда математиканы оқытуда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, логикалық ойлауын дамыту және пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында заманауи цифрлық құралдарды қолданудың әдістемелік негіздерін жетілдіру өзекті мәселе болып отыр. Бастауыш буыннан орта буынға өтетін кезеңде оқушылардың абстрактілі ойлау қабілеті қарқынды дамиды, сондықтан осы жаста цифрлық ресурстарды орынды және жүйелі пайдалану білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Зерттеу барысында 5–6 сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде цифрлық технологияларды қолданудың теориялық және практикалық негіздері қарастырылды. Интерактивті платформалар, электронды оқулықтар, онлайн жаттығулар, математикалық модельдеу бағдарламалары және визуализация құралдары арқылы оқу материалын түсіндірудің тиімді жолдары талданды. Цифрлық технологияларды пайдалану оқушылардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыруға, кері байланысты жедел ұйымдастыруға және оқу нәтижелерін объективті бағалауға мүмкіндік беретіні анықталды.[1]Мақалада цифрлық технологияларды қолданудың негізгі бағыттары сипатталды: жаңа тақырыпты интерактивті түрде түсіндіру, есептерді визуалды модельдеу арқылы шығару, сараланған тапсырмалар ұсыну, білімді онлайн тестілеу арқылы тексеру және оқу жетістіктерін мониторинг жасау. Сонымен қатар, цифрлық құралдарды қолдану барысында педагогтің әдістемелік шеберлігінің рөлі, оқу мазмұнын іріктеу және қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру мәселелері қарастырылды.Зерттеуде педагогикалық талдау, салыстырмалы әдіс, бақылау және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Эксперимент нәтижелері цифрлық технологияларды жүйелі қолдану 5–6 сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын арттырып, оқу мотивациясын күшейтетіні және оқу үлгерімінің оң динамикасын қамтамасыз ететіні дәлелденді

Қорытындылай келе, 5–6 сыныптарда математиканы тиімді оқыту үшін цифрлық технологияларды әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру білім беру сапасын арттырудың маңызды шарты болып табылады. Цифрлық білім беру ресурстарын мақсатты әрі жүйелі пайдалану оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытып, заманауи білім беру талаптарына сай бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға ықпал етеді. [2]

Published

2026-03-09

How to Cite

Баймурзаева Диана Талгатовна, & Шуакаев Марат Капашевич. (2026). 5–6 СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ТИІМДІ ОҚЫТУ ҮШІН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ. Progress in Science, (12). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/PS/article/view/7991

Issue

Section

Pedagogical Sciences