БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ПАЛЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ

Authors

  • Муратқызы Аяулым 7M01505-биология білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты
  • Токпанов Е.А география ғылымдарының кандидаты, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ, Қазақстан

Keywords:

жасанды интеллект, палеонтология, биологияны оқыту, визуализация, промпт-инжиниринг, сыни ойлау, 3D-реконструкция

Abstract

Палеонтологиялық материалдарды биология сабақтарында оқытудың инновациялық әдістемесін жасау шеңберінде жасанды интеллект технологияларының дидактикалық әлеуеті теориялық тұрғыдан негізделді. Оқушылардың сыни ойлауы мен зерттеушілік құзыреттіліктерін дамыту мақсатында генеративті мәтіндік және нейрожелілік графикалық платформалар арқылы палеобиологиялық нысандар туралы ғылыми гипотезаларды визуализациялау жолдары айқындалды. Промпт-инжиниринг әдісі мен нейрондық 3D-модельдеу процесі оқушылардың терминологиялық сауаттылығын арттыруға және деректерді верификациялау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін пәрменді құрал ретінде қарастырылады. Теориялық-методологиялық талдау нәтижесінде жаратылыстану білімі мен IT-технологиялар интеграциясын қамтамасыз ететін «сипаттама-промпт-визуализация» әдістемелік моделінің құрылымы айқындалды. Ұсынылған тұжырымдар мен әдістемелік тәсілдер биологиялық білім берудегі көрнекілік базасын заманауи цифрлық технологиялар арқылы кеңеюіне бағытталған.

Published

2026-06-15

How to Cite

Муратқызы Аяулым, & Токпанов Е.А. (2026). БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ПАЛЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ. Progress in Science, (13). Retrieved from https://ojs.publisher.agency/index.php/PS/article/view/8913

Issue

Section

Pedagogical Sciences